Газды экспорттау

2007 жылғы 31 мамырда Серіктестік «GAZPROM Germania GmbH» компаниясымен әрекет ету мерзімі 15 жыл, ұзақ мерзімді газды экспортқа өткізу шартын жасасты. Аталған шарт бойынша жеткізудің бірінші көлемі 2007 жылғы қыркүйекте жүзеге асырылды. Қазақстандық газды экспортқа жеткізу Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекарасындағы «Александров Гай» ГАЖ пунктінде газ беріле отырып, ұзақ мерзімді шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстандық газды экспорттық жеткізу бойынша негізгі контрагенттер «GAZPROM Germania GmbH» және «GAZPROM Schweiz AG» болып табылады.