Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 23 сәуірде жарияланған Еуропалық одақтың санкциялық тізіміне «ҚазРосГаз» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қызметкері, аға менеджер лауазымында енгізілгені туралы мәліметтер таратылуда.
Серіктестік ресми түрде хабарлайды, аталған санкциялық тізімде көрсетілген тұлға (Беков А.) қазіргі уақытта «ҚазРосГаз» ЖШС-де қандай да бір лауазымды (басшылық немесе өзге де) атқармайды және Серіктестікпен еңбек немесе өзге де кәсіби қатынастарда тұрмайды.
Беков А. бұған дейін Серіктестікте жетекші маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асырған. Онымен еңбек қатынастары 2019 жылғы 9 шілдеде тоқтатылған.
Осылайша, бірқатар жарияланымдарда оның қазіргі лауазымы мен жұмыс орны туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және жаңылыстырушы сипатқа ие.
Қазіргі уақытта Серіктестік Еуропалық одақтың құзыретті органдарымен аталған тұлғаның жұмыс орны мен лауазымы туралы дұрыс емес ақпаратты түзету мақсатында тиісті жұмыс жүргізуде.
«ҚазРосГаз» ЖШС бұқаралық ақпарат құралдарына және өзге де мүдделі тараптарға Компанияның тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне сүйенуді ұсынады.
Осы арқылы «ҚазРосГаз» ЖШС Беков А.-ның Серіктестікке еңбек қатыстылығы туралы таратылып жатқан мәліметтерді ресми түрде жоққа шығарады және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты қамтитын кез келген жарияланымдар нақты жағдайды көрсетпейтінін атап өтеді. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің іскерлік беделін қорғау құқығын өзіне қалдырады.