2002 жылдан бастап «ҚазРосГаз» ЖШС Қазақстан Республикасының ішкі нарығына газ жеткізеді және қалған газды экспортқа өткізеді. Өңделген құрғақ қарашығанақ газының негізгі көлемі Қазақстан тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жеткізіледі.
Тікелей жеткізу
Ішкі нарыққа жеткізуді қарашығанақ газын газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-қа тікелей өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Ыңғайласпа жеткізу
Ыңғайласпа жеткізілімдерді қамтамасыз ету тетігіне Қазақстанның ішкі нарығында тұтынылатын импортталатын газды тіркелген өткізу бағалары бойынша «Александров Гай» ГАЖ-да қайта өңделген қарашығанақ газына тең көлемде алмастыру жолымен қол жеткізіледі. 2007 жылдан бастап ыңғайласпа жеткізу схемасы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерін тежеуге мүмкіндік береді және Қазақстан халқы үшін қолайлы жағдайларда табиғи газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізуге мүмкіндік береді.