Тарихы

«ҚазРосГаз» ЖШС 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін тиімді орындау мақсатында құрылды.

2002 ж. 7 маусымда Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің екіжақты кездесуі кезінде «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды. Оның қатысушылары ретінде теңдесті қатынастарда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Газпром» ААҚ кірді.

2002 жылғы 9 маусымда «ҚазРосГаз» АҚ Алматы қаласы бойынша Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелді. Компанияның негізгі функциялары ретінде ішкі және сыртқы нарықтарда газ және оны қайта өңдеу өнімдерінің маркетингін, қайта өңделуін, тасымалдануын, өткізілуін қоса алғанда, қазақстандық табиғи газбен операциялар жүргізу айқындалды. Кәсіпорын қызметінде тараптардың теңдесті қатынастарын растайтын қағидаттық аспект бойынша қатысушылардың үлестері 50/50% арақатынаста бөлінген. Бірлескен кәсіпорын құрудың алғышарттары энергетика саласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету, екі ел қатынастарының өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестік деңгейіне өтуі болды. Осындай өзара қарым-қатынастардың нысаны екі елдің бір-бірінің газ нарықтары мен газ тасымалдау жүйелеріне өзара қол жеткізуді, халықаралық нарықтарға бірлесіп шығуды көздейді.

Бірлескен кәсіпорын құру туралы бастама Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путиннің тікелей уағдаластықтары, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімге қол қоюы арқасында мүмкін болды. Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы әріптестігі тең құқылы және өзара тиімді бастамаларға негізделген.

ҚазРосГаз жабық акционерлік қоғам нысанында құрылды. Кейіннен Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан заңының нормаларын орындау мақсатында «ҚазРосГаз» ЖАҚ акционерлік қоғам болып қайта тіркелді. 2006 жылғы 05 мамырдағы Қатысушылардың жалпы жиналысында Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қайта ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысанын өзгерту туралы шешім қабылданды.

«ҚазРосГаз» компаниясының Қарашығанақ мұнай - газ конденсаты кен орнында өндірілетін газды кәдеге жаратумен байланысты қызметіне тоқталсақ. Қорда көлемі 1,2 млрд.тоннадан астам сұйық көмірсутегі және 1,3 трлн. текше метр газ бар. Кен орнын игеруді «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.» консорциумы жүргізеді. «ҚазРосГаз» компаниясының бірінші ресурстық келісімі 2002 жылы Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.-мен Қарашығанақ кен орнының шикі газын сатып алуға арналған 3 жылдық мерзімге жасалған шарт болды. 2005-2006 жылдар бойы «ҚазРосГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Газпром» ААҚ және Қазақстанның энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қолдауымен Қарашығанақ газын қайта өңдеуге «ҚазРосГаз» мен Орынбор ГӨЗ арасында тікелей шарт жасасуды қамтамасыз ететін үкіметаралық құжаттар пакетін әзірледі. 2006 жылғы 17 шілдеде президент Н.Назарбаев пен В.Путиннің Қарашығанақ кен орнында газды қайта өңдеу саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен декларациясы (бұдан әрі –Декларация) қабылданды. Сондай-ақ 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасалды.

Декларация мен Келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып, 2007 жылғы 31 мамырда «ҚазРосГаз» компаниясы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясымен бірге шикі газды сатып алу-сатудың он бес жылдық шарт жасасты. Қол қойылған ұзақ мерзімді шарт «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорнының жеткізілімдердің тұрақтылығы мен сенімділігі тұрғысынан ынтымақтастығының сапалы жаңа кезеңі болды. Шарт 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Сол жылдың 1 қазанында алғашқы газ жеткізілді.

Сатып алынған барлық шикі газды ҚазРосГаз Орынбор газ өңдеу зауытына өңдеуге жіберді. Осыдан кейін құрғақ газ қажетті көлемде Қазақстанның ішкі нарығына жіберілді, ал қалған бөлігі - экспорттық келісімшарттар бойынша өткізіледі. 2006 жылдың 12 желтоқсанында Орынборда қол қойылған тікелей шарт бойынша «ҚазРосГаз» компаниясы 2007 жылдың қаңтарынан бастап Қарашығанақ газын «Газпром добыча Оренбург» кәсіпорындарында қайта өңдеуге жіберіп отырды.

Қазақстан мен Ресейдің газ саласындағы ынтымақтастығын және дамуын айқындайтын негізгі құжаттар:
• 28.11.01 ж. ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім;
• 18.10.2010 ж. № 1072 «Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын 2010-2014 жылдарда дамыту жөніндегі бағдарлама»;
• РФ Үкіметінің 13.11.2009 жылғы № 1715-ө өкімімен бекітілген «РФ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған энергетикалық даму стратегиясы»;
• 17.07.06 ж. ҚР және РФ президенттерінің Қарашығанақ кен орнының газын қайта өңдеу саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен декларациясы;
• 03.10.06 ж. ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғам құрудағы ынтымақтастық туралы келісім;
• 7.09.2010 ж. ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Имашев кен орнын кейіннен пайдалы қазбалар қорларын есептей отырып, бірлесіп геологиялық зерттеу және барлау туралы үкіметаралық келісім, Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті мекеме – «Газпром» ААҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

КОМПАНИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ СӘТТЕР

07.06.2002

Санкт-Петербург қаласында «ҚазРосГаз» бірлескен кәсіпорнын құру туралы құрылтай құжаттарына қол қойылды.

10.06.2002

Алматы қаласы бойынша Әділет басқармасы «ҚазРосГаз» ЖШС-ін заңды тұлға ретінде тіркеді.

2003 ж.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» -мен Қарашығанақ кен орнының шикі газын 3 жыл мерзімге сатып алуға шарт жасалды.

03.10.2006

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

2007 ж., қаңтар

ҚазРосГаз 2006 жылғы 12 желтоқсанда Орынборда қол қойылған тікелей шарт бойынша алғаш рет қарашығанақ газын «Орынбор газпром өндіру» кәсіпорындарында қайта өңдеді.

2007 ж., қаңтар

«ҚазРосГаз» компаниясы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясымен шикі газды сатып алу-сатудың он бес жылдық шартын жасасты. Шарт 2007 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.

2007 ж. 01 қазан

Газ алғаш рет жеткізілді.

27.04.2011 ж.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Қабылдин мен «Газпром» ААҚ-тың Басқарма төрағасы А. Миллер «ҚазРосГаз» ЖШС-ні Имашев жобасының бірыңғай операторы етіп белгілеу туралы келісімге қол қойды.