МИССИЯСЫ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТЫ

«ҚазРосГаз» ЖШС таңдалған даму бағытына және қатысушылардың мақсаттарына қол жеткізуге – пайда алуға, қатысушылардың кірістерін арттыруға, «ҚазРосГаз» компаниясы активтерінің экономикалық құнының өсуіне және басқару тиімділігін арттыруға деген адалдығын растайды.

МИССИЯСЫ

  • Қарашығанақ кен орнының шикі газын қайта өңдеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының ішкі нарығын, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің нарықтарын тауарлық газбен қамтамасыз ету;
  • шикі газды қайта өңдеу өнімдерін ішкі және сыртқы нарықтарға өткізу;
  • Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тең құқықты, өзара тиімді ынтымақтастық негізінде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, оның ішінде:
  • мұнай және газ кен орындарын игеру;
  • мұнай және газ кен орындарын барлау, игеру және пайдалану;

ДАМУ БАҒЫТЫ

«ҚазРосГаз» - бұл:

  • сауда операциялары кірістілігінің жоғары деңгейін және өндірістік және логистикалық инфрақұрылымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Қарашығанақ газын өткізу жөніндегі оператор;
  • Қатысушылар мен басқа да мүдделі тараптар арасындағы тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ететін табиғи газды сатып алу, маркетинг, тасымалдау, қайта өңдеу жөніндегі жобалардың операторы;
  • мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру операторы;
  • әлеуметтік жауапты ұйымның беделіне қол жеткізу.