Басшылық

    • Абдрасулов Нұрлан Қадырұлы
    • Абдрасулов Нұрлан Қадырұлы

      Басқарма төрағасы (Бас директор)

    • Дүйсенбаев<br>Ғапур Зұлқарнайұлының
    • Дүйсенбаев
      Ғапур Зұлқарнайұлының

      Газды өңдеу және маркетинг мәселелері жөніндегі Бас директордың орынбасары

    • Тен <br> Виктория Борисовна
    • Тен
      Виктория Борисовна

      Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары, СМЖ бойынша жоғары басшылық өкілі.

    • Қартжанов <br> Бауыржан Базарбекұлы
    • Қартжанов
      Бауыржан Базарбекұлы

      Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары

    • Мырзашева <br> Жанна Өтеуешқызы
    • Мырзашева
      Жанна Өтеуешқызы

      Бас бухгалтер

Абдрасулов Нұрлан Қадырұлы

Абдрасулов Нұрлан Қадырұлы жоғары техникалық және экономикалық білімі бар (Мәскеу жоғары техникалық училищесі. Н.Э. Бауман, Қарағанды экономикалық университеті). Экономика ғылымдарының кандидаты (И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті).

Мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі – 22 жыл.

2000 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесінде оның еншілес компанияларының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы ретінде жұмыс істейді. Компанияның бірінші басшысының, оның ішінде магистральдық газ құбырларында газ турбиналық қондырғыларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тәжірибесі бар.

«ҚазРосГаз» ЖШС құрылған күнінен бастап (2002 жылғы маусым) Маркетинг және көлік логистикасы басқармасын басқарды.

2006 жылдан 2015 жылға дейін «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 жылдың ақпанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарушылық қызметтерін атқарды.

2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы маусым аралығында «Түркістан ПМУ» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниясы) Бас директоры болып жұмыс істеді.

2022 жылғы 30 маусымнан бастап Қатысушылардың жалпы жиналысымен «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы (Бас директоры) болып сайланды.

Ведомстволық және мемлекеттік наградалармен – «Құрмет» орденімен (2013ж.), «Мұнайгаз кешеніне қосқан үлесі үшін» медалімен (2023ж.), II дәрежелі «Достық» орденімен (2024ж.) марапатталған.

Дүйсенбаев
Ғапур Зұлқарнайұлының

Дүйсенбаев Ғапур Зұлқарнайұлының жоғары техникалық білімі бар, Д. И. Менделеев ат. Ресей химия-технологиялық университетін, Ш. Есенов ат. Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» МВА дәрежесін алған.

Мұнай-газ саласындағы жұмыс өтілі – 25 жыл.

1999 жылдың шілдесінен 2006 жылдың қыркүйегіне дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да технологиялық қондырғылардың операторы, газ өңдеу цехы қондырғысының бастығы, мұнай және газ өндіру департаментінің жетекші инженері, мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2006 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың желтоқсаны аралығында «ҚазРосГаз» ЖШС бас менеджер, газ өңдеу департаментінің директоры, жобаларды дамыту жөніндегі атқарушы директор, Имашев кен орнын барлау жөніндегі атқарушы директор, бұрғылау, ұңғымалардағы геофизикалық зерттеулер, сервистік жұмыстар және келісімшарттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2018 жылдың қыркүйек-наурыз айлары аралығында «Амангелді Газ» ЖШС өндіру бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылдың наурызынан 2022 жылдың шілдесіне дейін «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының газ өңдеу мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2022 жылдың шілдесінен бастап «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған (2024ж.).

Тен
Виктория Борисовна

Тен Виктория Борисқызы жоғары экономикалық білімге ие. Ф. Энгельс атындағы Ленинград кеңестік сауда институтын «Сауда, қоғамдық тамақтандыру және материалдық-техникалық жабдықтау салаларындағы есеп және талдау» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алған.

Қазақстан Республикасының сертификатталған кәсіби бухгалтері (2011 ж.) болып табылады. Сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік бойынша DipIFR дипломына (2016 ж.) ие.

Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 28 жылдан асады.

Еңбек жолын 1986 жылғы тамыз айында бастаған. Кәсіби қызметі барысында несиелеу бөлімінің аға экономисі, ақша айналысы жөніндегі маман, заң кеңесшісі, қаржы директоры, бас бухгалтер лауазымдарын атқарған.

Әр жылдары «Қазақойл Коммерция» ЖШС-де, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-та, «FG Energy Company» ЖШС-де және «ҚазРосГаз» ЖШС-де қызмет еткен.

2007 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазРосГаз» ЖШС-де еңбек етеді. Осы кезеңде бас менеджер, бухгалтерлік бөлімшенің басшысы және бас бухгалтер лауазымдарын атқарған.

2026 жылғы мамыр айынан бастап «ҚазРосГаз» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Сонымен қатар Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) бойынша жоғары басшылықтың өкілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, KAZENERGY қауымдастығының медалімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «QazaqGaz – 25 жыл» медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Естелік белгісімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталған.

Қартжанов
Бауыржан Базарбекұлы

Қазақстан-Британ техникалық университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Қарағанды техникалық университетінің «Көмір қабаттарының метаны» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Мұнай-газ саласында 15 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Кәсіби қызметі барысында «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KMG Карачаганак» ЖШС және «ҚазРосГаз» ЖШС ұйымдарында талдамалық, сарапшылық және басшылық лауазымдарды атқарған.

Газды тасымалдау, маркетинг және өңдеу, корпоративтік басқару және мұнай-газ саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыру бағыттарында мол тәжірибеге ие.

KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.

Салааралық марапаттармен, алғыс хаттармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «KAZENERGY қауымдастығына 20 жыл» медалімен марапатталған.

Мырзашева
Жанна Өтеуешқызы

Мырзашева Жанна Өтеуешқызы жоғары экономикалық білімге ие. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, «экономист» біліктілігін алған.

Қазақстан Республикасының сертификатталған кәсіби бухгалтері болып табылады. Халықаралық кәсіби біліктіліктер мен сертификаттарға ие, оның ішінде Diploma in International Financial Reporting (DipIFR), Diploma of Professional Financial Manager (DipPFM), сондай-ақ Certified Accounting Practitioner (CAP) сертификаты бар.

Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 22 жылдан асады.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазақойл-Бұрғылау» СБК ЖШС-де, «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйі» АҚ-да және мұнай-газ секторының басқа да ұйымдарында қызмет атқарған.

2005 жылдан бастап «ҚазРосГаз» ЖШС-де еңбек етеді. Компанияда бухгалтер, менеджер, бас менеджер және жетекші бухгалтер лауазымдарын атқарған.

2025 жылғы мамыр айынан бастап «ҚазРосГаз» ЖШС-нің Бас бухгалтері лауазымын атқарады.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, салалық наградалармен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «QG-ге 25 жыл» медалімен марапатталған.