Серіктестер
КАРАЧАГАНАК ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В.
1997 жылы «Би Джи Груп» (32.5 пайыз), «Эни» (32.5 пайыз), «Шеврон» (20 пайыз), «ЛУКОЙЛ» (15 пайыз) бірлескен кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ететін өкілетті орган бойынша серіктестер Қарашығанақ кен орнын игеру мақсатында компания құрды. Қарашығанақ кен орны әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірі болып табылады. Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы шақырымнан астам аумақты алып жатыр. Оның есептелген бастапқы теңгерімдік қорлары 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газды құрайды, ал жалпы бағалау қоры 2.4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше фут газдан асады.
«ГАЗПРОМ ДОБЫЧА ОРЕНБУРГ» ААҚ
«Газпром добыча Оренбург» ЖАҚ 1968 жылы құрылған, міндеттері кең ауқымды Ресей Федерациясының ірі газ-химия кешені. Компания «Газпром» ЖАҚ-тың және Орынбор аймағының аумақтық кешенінің құрамына кіреді. «Газпром добыча Оренбург» ЖАҚ-тың негізгі қызмет саласына мұнай мен газдың жаңа кен орындарын іздеу және барлау; газ, конденсат, мұнай өндіру; көмірсутек шикізатын өңдеу; газ химиясы; сыртқы жеткізушілердің шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсету; газ, конденсат, мұнай және оларды қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау кіреді. 2007 жылдың қаңтарынан бастап «ҚазРосГаз» компаниясы 2006 жылдың 12 желтоқсанында Орынборда қол қойылған тікелей шарт бойынша қарашығанақ газын «Газпром добыча Оренбург» кәсіпорындарында қайта өңдеуде.
GAZPROM GERMANIA GMBH
«Gazprom Germania» компаниясы орталық кеңсесі Мәскеуде орналасқан әлемдегі ең ірі табиғи газ өндіруші «Газпром» ЖАҚ-тың құрамына кіреді. 1990 жылы құрылған сәттен бастап «Gazprom Germania» компаниясы Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 20-дан астам елінде өз қызметін жүргізетін 40-қа жуық компаниядан тұратын халықаралық топқа айналды. «Gazprom Germania» жұмыскерлерінің жалпы саны әлемдік ауқымда шамамен 1 200 адамды құрайды, оның ішінде 200 адам Берлиндегі орталық кеңседе жұмыс істейді.
КАРАЧАГАНАК ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В.
GAZPROM Schweiz AG Германияның GAZPROM Germania GmbH компаниясының 100% еншілес компаниясы болып табылады. Компания қызметінің негізгі бағыттары Орталық Азия табиғи газын сатып алу, тасымалдау және өткізу болып табылады.
2011 жыл GAZPROM Schweiz AG компаниясы қызметін қайта бағдарлап, оны кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізді. 2011 жылдың басында қызметі осы уақытқа дейін өзбек табиғи газын өткізуге бағытталған сауда компаниясы «Газпром экспорт» ЖШҚ компаниясының тапсырмасы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжаннан табиғи газды сатып алуға шарттар жасасты. Осылайша, «Газпром» тобының құрамына кіретін компания Орталық Азия табиғи газының барлық көлемін сатып алады. Нәтижесінде 2011 ж. GAZPROM Schweiz AG компаниясы шамамен 35,3 млрд.текше м. табиғи газды өндіріп, компанияның айналымы 9,3 млрд. АҚШ долларын, жылдық табысы 20 млн, АҚШ долларынан 51,3 млн, АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сонымен қатар, GAZPROM Schweiz AG компаниясының Австрия, Италия, Өзбекстан және Сербиядағы газбен жабдықтау және табиғи газ өндіру компанияларында үлестері бар. Осылайша, компания өз қызметінің құн тізбегіндегі барлық буындарында қызметін жүзеге асыруда.