2026 жылғы 29 наурызда Астана қаласында Қазақстанның ірі компаниялары арасында «Corporate Chess Cup 2026» шахмат турнирі өтті. Жарысқа 23 компанияның атынан 100-ден астам шахматшы қатысты.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы арасында өткен іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша QAZAQGAZ құрама командасы жасақталды. Команда құрамында үшінші тақтада «ҚазРосГаз» ЖШС қызметкері Әбішева Ирада Абдуахитқызы өнер көрсетті.
Турнир швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Әр партияға 10 минут уақыт беріліп, әр жасалған жүріс үшін қосымша 3 секунд қосылып отырды.
Жарыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар әр тақтадағы үздік ойыншыларды анықтады. Әбішева Ирада жоғары дайындық деңгейін, сенімді ойын өрнегін көрсетіп, өз тақтасында жеке есепте жеңімпаз атанып, турнирдің арнайы номинациясын иеленді.
Әбішева Ираданы лайықты жеңісімен құттықтаймыз және оған жаңа жетістіктер, жарқын жеңістер мен алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Әріптесіміздің жетістігі біз үшін үлкен мақтаныш. Оған алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектеспіз.