2026 жылғы 12 тамызда «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы (Бас директоры) мен компания қызметкерлерінің қатысуымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары бойынша есептік кездесу өтті. Кездесу жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы ішкі коммуникациялар жүйесін дамыту аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ұжым назарына Серіктестіктің есепті кезеңдегі өндірістік және қаржылық-экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Компания басшылары өздерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша баяндама жасап, негізгі көрсеткіштердің динамикасына талдау жүргізді, қол жеткізілген нәтижелер мен қызмет тиімділігіне әсер еткен негізгі факторларға тоқталды. Сонымен қатар, 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған басым міндеттер мен жұмыстың стратегиялық бағыттары айқындалды.
Кездесу соңында Басқарма төрағасы (Бас директор) Н.К.Абдрасулов «ҚазРосГаз» ЖШС қызметкерлеріне кәсібилігі, ұйымшылдығы және қол жеткізілген нәтижелерге қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, ұжымға алға қойылған міндеттерді іске асыруда одан әрі табыс тіледі.