Бақылау кеңесі «КазРосГаз» ЖШС қызметіне оң баға берді

17 тамыз, 2026

2026 жылғы 14 тамызда Алматы қаласында «Газпром» ЖАҚ мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен «КазРосГаз» ЖШС Бақылау кеңесінің офлайн форматындағы отырысы өтті.

Отырыс барысында бірқатар түйінді мәселелер, соның ішінде «КазРосГаз» ЖШС-нің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары, сондай-ақ компанияның 2027 жылға арналған жоспарлары қаралды.

Бақылау кеңесінің төрағасы мен мүшелері «КазРосГаз» ЖШС қызметін оң бағалап, оның Қатысушылар белгілеген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталғанын атап өтті.