Газшылар «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын өткізді

30 желтоқсан, 2021

Келе жатқан 2022 жыл қарсаңында «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы «Тілектер ағашы» қайырымдылық акциясын өткізді. 

Осы жоба аясында 270 көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері  Аяз Атаға жазған хаттарында сұраған сыйлықтарын алды.

Балалардың тілектер тізімінде тәттілер, ойыншықтар, велосипедтер, смартфондар, смарт-сағаттар, портативті аудио колонкалар, музыкалық аспаптар, спорттық жабдықтар, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары, Lego конструкторлары, планшеттер, ойын приставкалары, құлаққаптар, сондай-ақ жылы киім мен аяқ киімдер бар.

Балалардың ізгі тілектерін «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ құрамына кіретін компаниялардың қызметкерлері өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырды.

Қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету және қолдау, өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету және балалық шақ проблемаларына назар аудару.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, компанияның Жастар кеңесі атынан «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ өз қызметі аясында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай әсер етеді. Ұлттық газ компаниясы жоғары әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік саясатын ұстанады. ҚазТрансГаз қызметкерлері қазақстандықтардың қажеттіліктеріне үн қосуға, қиын жағдайларда қол ұшын беруге және қолдан келгенше көмек көрсетуге әрқашан дайын.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының Әлеуметтік қызметкерлердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Шерхан Сейітқалиев ҚазТрансГазға шынайы алғысын білдіріп, біздің қоғамымыз парасатты, ең бастысы төзімді және ерекше қажеттіліктері бар балаларға түсіністікпен қарау қажеттігін атап өтті.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі. Тел: +7(7172) 55 23 16