«ҚазРосГаз» ЖШС 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарады

26 тамыз, 2022

«ҚазРосГаз» ЖШС-ның еңбек ұжыммен есеп беру кездесуі болды.

Ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің қағидаларын іске асыру шеңберінде жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында 2022 жылғы 26 тамызда «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасының (Бас директорының) «ҚазРосГаз» ЖШС қызметкерлерімен есеп беру кездесуі өтті.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Қатысушылардың жалпы жиналысымен «ҚазРосГаз» ЖШС Басқарма төрағасы (Бас директоры) лауазымына Нұрлан Қадырұлы Әбдірасұлов сайланды.

Кездесу аясында компанияның 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралды. Бас директордың жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарлары баяндама жасады.

Жиналыс барысында компанияның 2022 жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттерін іске асыру үшін қажетті шаралар бойынша нақты тапсырмалар берілді.