АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАУ

12 мамыр, 2023

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің мемлекеттік мерекесі қарсаңында «ҚазРосГаз» ЖШС ұжымы атынан жастар комитетінің өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, соғыс жылдарындағы ерлігі мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

4 ардагерге ілтипат жасалды:

Ишмұхамедов Әбдірахман Шәріпұлы, 21.10.1924 жылы туған - ҰОС ардагері, майданға 18 жасында өз еркімен кеткен. Майданда ардагер кабельші- байланыстырушы қызметінде басқару штабтарымен байланыс орнатуға жауапты болған. 82-ші № 319 атқыштар полкі, Солтүстік-Батыс, Балтық және 4-ші Украин майдандарының 253 дивизиясы құрамында соғысқан. «1 және 2 дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Кудин Илья Григорьевич, 26.07.1927 жылы туған - Ұлы Отан соғысының ардагері, Қиыр Шығыс майданындағы соғысқа қатысып, Жеңіс күнінен 7 жыл өткен соң ғана демобилизацияланды. «III дәрежелі Отан соғысы» орденімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Абдрахова Василя, 20.10.1927 жылы туған - ҰОС ардагері, соғыс жылдарында медбике болған, 1-ші Украин, Сталинград майдандарына қатысқан. «2 дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС ардагері» белгісімен, «Маршал Г.К. Жуков», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, сондай-ақ басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Жетпісбаева Асьма Сейсембекқызы, 02.03.1928 жылы туған-еңбек майданының қатысушысы, соғыс жылдарында бүкіл отбасынан айырылып, 1941 жылы 13 жасында құю цехына жұмысқа орналасып, еңбекке араласқан. Мерейтойлық медальдармен марапатталған.