ОРЫНБОР ГАЗ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ БАЗАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

22 қараша, 2020

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі Ресей Федерациясын азбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Орынбор газ өңдеу зауытының базасында теңдесті қатынастарда шаруашылық қоғамын құруға көмек көрсетуде.

Бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кен орнында өндірілген шикі газды бірлескен кәсіпорында жылына кемінде 15 млрд.текше метр көлемде сатып алуды және қайта өңдеуді және бірлескен кәсіпорын өңдеген Қарашығанақ кен орнының тауарлық газын Қазақстан Республикасының нарығында өткізуді және оны «Газпром» ЖАҚ-тың бірыңғай экспорттық арнасы арқылы экспорттауды көздейтін ұзақ мерзімді коммерциялық келісімшарттар жасасу жағдайында құрылды