«ИМАШЕВ КЕН ОРНЫ» ЖОБАСЫ

17 наурыз, 2022

«ҚазРосГаз» компаниясы жұмысының перспективалық бағыттарының бірі Ресейдің Астрахан облысы мен Қазақстанның Атырау облысының аумағында орналасқан Имашевское трансшекаралық газ конденсатты кен орнын геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру болып табылады. Алдын ала есептеулер бойынша кен орнының алынатын қорлары 128 млрд текше метрден астам газға және 20 млн тонна газ конденсатына бағаланады.

Имашев кен орнында бірлескен жұмыс туралы келіссөздер 2007 жылдан бастап жүргізіліп, 2010 жылдың қыркүйегінде Өскеменде Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы осы кен орнын геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісімге қол қоюмен аяқталды. Имашев кен орнын геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі жобаны іске асыру бойынша бірыңғай оператор болып «ҚазРосГаз» ЖШС белгіленді.

Үкіметаралық келісім тараптардың уәкілетті ұйымдары - «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ мен «Газпром»ААҚ арасындағы шығыстарды тең қаржыландыру шарттарында көмірсутек шикізатының қорларын есептей отырып және кен орнын игеруді техникалық – экономикалық бағалай отырып, Имашевское кен орнын геологиялық зерттеу мен барлауды жүргізуді көздейді. Тараптардың уәкілетті ұйымдарының келісімдерінің қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға және кен орнын геологиялық зерттеу мен барлау бағдарламасын дайындауға байланысты мәселелерді пысықтау жоспарланған.

Қазақстан мен Ресейдің осы трансшекаралық кен орнын геологиялық зерттеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы үкіметаралық келісімін іске асыру елдер арасындағы мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, экономикалық әлеуеттің өсуіне және екі мемлекет халықтарының әл-ауқатының артуына ықпал ететін болады.